Сондай-ақ қараңыз
Forex нарығы күнделікті мәмілелер көлемінің өсу динамикасының көрсеткіштері бойынша да, оған тартылған адамдар санының артуы бойынша да өзінің қарқынды дамуының кезекті сатысында екені бәріне аян.
Әлемдік қаржы нарығының қалған барлық сегменттері мықтағанда «қауіпсіздік жастығы» болып, ал кейде - қатері көп кәсіпорынға айналған дағдарыс жағдайында соншалықты қолайлы алаңға көтерілуге ниет білдірген компаниялар көптеп пайда болуда. Алайда, бәрі оңай шаруа емес. Forex нарығының жаңа қатысушылары, сирек жағдайларды қоспағанда, оның тығыздығы мен бұрынғы ойыншылардың күшіне байланысты, бүкіл Forex нарығына пропорционал даму динамикасын көрсетуге қабілетті. Осылайша, жаңа келгендер үшін нарыққа кірудің айқын тартымдылығына қарамастан, нарықтың ішіндегі рэнкинг өте тұрақты құрылым болып қалады. Forex бұрынғыдай онлайн-трейдинг қызметін көрсететін қатысушылардың үш негізгі тобына бөлінеді: нарықта 10 жылдан астам жұмыс істейтін тәжірибелі ойыншылар; бәсекелестік орта сиреп тұрған кезде нарыққа келген «орта салмақты» ойыншылар; нарықтағы жұмыс тәжірибесі екі жылдан аспайтын жаңадан келгендер. Алайда, жалпы ережеге бағынбайтын, орныққан әр заттың өз тәртібі, трендтері бар. Олардың жарқын өкілдерінің бірі халықаралық онлайн-брокер - ИнстаФорекс компаниясы болып табылады. «Бұл не тренд?» – деп сұрайсыз Сіз. ИнстаФорекс компаниясы Forex нарығында екі жыл бұрын пайда болып, әлемдік озық forex-брокерлердің бірі атағына ие болып үлгерді.
ИнстаФорекс компаниясы қысқа уақыт ішінде қалай және ненің арқасында нарыққа жаңа келгеніне қарамастан, оның көшбасшыларының біріне айналғанын Сіз осы мақаладан біле аласыз.
Нарыққа жаңа келген көпшілігі сияқты ИнстаФорекс өзін әмбебап, барлық түйінді аспаптары бар брокер ретінде көрсетті. Әрине, қазір Forex нарығына опциялардың аздаған жиынтығымен емес, сақадай сай болып кіру керек, өйткені сегменттегі бәсекелестік орта шарықтау шегіне жете қоймағанымен, соған жақын қалды. Алайда, сауда аспаптарының толық спектрі бар деп мәлімдейтін жаңадан келген көпшілігінен айырмашылығы, ИнстаФорекс компаниясында алғашқы күндерден бастап толық функционалды қызмет жиынтығы болды, алғашқы күннен-ақ пайдалана бастаған алғашқы клиенттер оны жоғары деңгейде бағалай алды. Осының бәрі ИнстаФорекс компаниясының нарыққа кіруге деген дайындығы ауқымды және жан-жақты ойластырылғанын білдіреді. Енді әлемнің түкпір-түкпіріндегі трейдерлерді соншалықты сенімді түрде өзіне тартатын ИнстаФорекс компаниясының сауда шарттарына егжей-тегжейлі тоқталайық.
Жұмысты бастаған алғашқы күндерінен бастап ИнстаФорекс компаниясы өз клиенттеріне сауда аспаптарының кең ауқымын ұсынды, және бүгінгі күні олардың саны валюта аспаптары үшін 107, инструментов, америка акцияларына CFD келісім- шарттар үшін 34 және 1 GOLD аспапты құрайды. Бұл ретте компания депозит мөлшерін шектемейді. Қаласаңыз, компаниянда бір долларға шот ашуға болады. Сондай-ақ, компанияның клиенттеріне стандартты 1:1 -ден 1:1000 дейінгі сауда көтермесі, шоттың спредпен және спредсіз екі типі ұсынылады, барлық мәмілелердің жылдам орындалуы, сауда шотын лезде толтыру, сондай-ақ еркін қаражатқа жылдық 6% есептеу.
Жайлылығын бүкіл әлем бойынша 100000 астам трейдер бағалап үлгерген сауда шарттарымен қатар, ИнстаФорекс брендінің табысты болуына жеткізген бірқатар фактор да бар. Нарықта пайда болған күннен бастап және осы уақытқа дейін ИнстаФорекс компаниясы аса сауатты және стратегиялық құрылған маркетингтік саясатты жүргізеді, соның аясында ИнстаФорекс бренді танымал және тартымды болуымен қатар, Forex нарығының инновациялары мен кәсіби шеберлігінің, табыстылықтың символына да айналған. Мәселе онлайн – брокерлер үшін сәтті атауы мен логотипте ғана емес. Дегенмен, «жылдам» сөзінің әсерлі екенін және адам мен технологияның үйлестігінің символын жоққа шығаруға болмайды. ИнстаФорекс компаниясы маркетингінің жетістігі базалық сауда шарттарымен үйлесетін қосымша опциялар мен қызметтерден де көрінеді.
Біріншіден, ИнстаФорекс компаниясында өз сауда шотын толтырған әр клиентке берілетін құттықтау бонустары жүйесі туралы айта кету керек. Мәселен, өзінің сауда шотын 100- 50 000 АҚШ долларына дейінгі сомаға толтырып, трейдер брокерден 30-дан 5000 АҚШ долларына дейінгі бонус алуына болады. Алайда, құттықтау бонустары әрине, жақсы, бірақ олар тәжірибелі трейдерді дәл осы ИнстаФорексті таңдауына себепкер бола қоймас. Бірнеше онлайн-брокерді ауыстырған тәжірибелі трейдер үшін компания ұсынатын арнайы шарттар, сондай-ақ оның қауіпсіздікке берілетін кепілдік маңызды фактор екені белгілі. Аталған аспектілерде компания алдыңғы шепте тұрғаны анық, ал кейбір позициялар бойынша пионер болып табылады. Трейдерлерге арналған арнайы ұсыныстардың ішінен келесідей ыңғайлы сауда аспаптарын айта кету керек: VIP – бір пункттен басталатын спредтері бар шоттар; своптарсыз шоттар; BUY және SELL мәмілелер бойынша тең своптар жүйесі. Шын мәнісінде, ИнстаФорекс компаниясының басқа онлайн форекс-брокерлердің ішінде баламасы жоқ бірегей қызметтері ақша қаражатын тікелей VISA картасына алу және клиенттің депозиттегі қаражатын 100% сақтауға кепілдік беретін бөліктелген шоттар ашу болып табылады.
ИнстаФорекс компаниясы ұрандарының бірі – «ИнстаФорекс – ынта дамуға жетелейтін әлем». Бұл слоган ИнстаФорекс компаниясының акциялары мен конкурстарының сериясын дамыту бағдарламасында пайдаланылады және өз мәнісін толығымен ашады. Шынында, акциялар мен конкурстарды дамыту бағдарламасы осындай кең көлемде жүргізілетін басқа брокерді табу қиын. Қазіргі уақытта ИнстаФорекс компаниясы екі акция мен тұрақты екі конкурсты өткізуде, олардың аясында әрбір қатысушы 100 -3000 АҚШ долларын, сондай-ақ жаңа Hummer H3 автокөлігін ұтып алуына болады. ИнстаФорекс компаниясының жалпы жылдық жүлде қоры миллион доллардың төрттен бірін құрайды. Әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан жүздеген трейдер осы конкурстар мен акциялардың аясында ақшалай жүлделер ұтып алды. Бұл ретте, әрбір қатысушы табыстылығына қарамастан, трейдердің ккәсіби біліктілігін артырып, өз саудасының сапасы мен тиімділігін арттырды, бұл «ынта дамуға жетелейді» слоганның растығының тағы бір дәлелі.
forex-брокердің табысының маңызды құрамдасы оның қысқа мерзімде әлемнің түрлі өңірлерінде серіктестер мен өкілдіктердің желісін құру, сондай-ақ оның барлық буындарының сапалы және нәтижелі жұмысын жолға қою қабілеті болып табылады. ИнстаФорекс компаниясы осы міндетті үлкен жылдамдықпен орындады, ең бастысы, құрдас- бәсекелестерді айтпағанда, байырғы брокерлер үшін де таңданарлық жәйт- серіктестік сілтемелер бойынша тіркелген серіктестер мен клиенттер саны, өкілдіктер саны сияқты көрсеткіштер бойынша керемет нәтиже көрсете білді. Қазіргі уақытта ИнстаФорекс компаниясы серіктеснің орташа алғандағы таза пайдасы ай сайын 3000 АҚШ долларын құрайды. Әлемнің 20 еліндегі ИнстаФорекс компаниясының өкілдіктер саны- 140. Серіктестік бағдарламаға оралып, қазіргі уақытта ИнстаФорекс компаниясы серіктестіктің жеті түрлі формасын ұсынатынын айта кетейік: өкілдік формасы мен инвестициялық әріптестіктен, аккредиттелген оқыту жобасын және веб-өкілдікке дейін. Басқаша айтқанда, ИнстаФорекс компаниясымен серіктестікке әрбір мүдделі тұлға өзіне барынша ыңғайлы ынтымақтастық формасын алады. Сонымен қатар, әрбір серіктес бағдарламаның аясында серіктестік сыйақыға және ИнстаФорекс компаниясы ұсынатын материалдарға қатысты (дайын сайт, жарнамалық өнімдер, оқыту және әдістемелік материалдар, сертификаттар, дипломдар және т. б) аса тиімді шарттар жұмыс істейді.
ПОнлайн-трейдинг қызметі сияқты негізгі қызметінен басқа ИнстаФорекс компаниясы басқа да бағыттарды белсенді дамытуда. Осылайша, мысалы, ИнстаФорекс компаниясының білім беру онлайн жобалары жұмыс істеуде: InstaFXeducation.com - форекс нарығы туралы және оған жұмысқа қабылдау туралы ақпаратты жалпылайтын; mql4.instaforex.com - кеңесшілер мен сарапшыларға арналған; InstaMediaGroup – өзіндік жарнама агенттігі.
Қорытындылай келе, ИнстаФорекс компаниясы екі жылдың ішінде әлемдік брокерлердің элитасына кірді, бұл жалаң фактілерді растайды: нарықтағы үздік сауда шарттары, бүкіл әлем бойынша 100000 астам клиент, әлемнің 20 еліндегі 200 астам өкілдік. ИнстаФорекс компаниясы нарыққа кірудің сауатты стратегиясының және одан әрі ілгерілеудің тиімді саясатының арқасында небәрі екі жылдың ішінде қатаң бәсекелестік жағдайында нарықтың көшбасшы болған компанияның үлгісін көрсетті. Сонымен қатар, ИнстаФорекс компаниясы танымалдыққа ие болды. Сондықтан да, бүгінгі күні ИнстаФорекс компаниясы World Finance Media журналының пікірі бойынша Азиядағы №1 бренд деп танылды.
"World Finance" журналы, Қараша 2009
Кері