empty
 
 
Форекс Грузия нарығының жаңа ойыншылары

Форекс Грузия нарығының жаңа ойыншылары

Жақында Грузияда Форекс-брокерлер нарығында жаңа ойыншы – InstaGeorgia компаниясы пайда болды, ол енді жетекші онлайн форекс – брокерлердің бірі ИнстаФорекс компаниясының ресми серіктесі болып табылады. Шетелдік трейдерлер ИнстаФорекс компаниясы ұсынатын жоғары сапалы сервиске және ыңғайлы сауда шарттарына үйренген. Енді Грузия нарығында трейдерлер грузиялық InstaGeorgia InstaGeorgia компаниясының арқасында ИнстаФорекс ұсынатын сапалы сервисті пайдалана алады.


ИнстаФинтех компаниялар тобының Президенті Ильдар Шарипов:

- Біздің компаниямыз салыстырмалы түрде жас. Жақында біз оның екі жылдығын атап өттік. Алайда, осы уақыт ішінде біз форекс-қызмет нарығында орнығып қана қоймай, өзі қызмет ететін өңірлердегі озық онлайн брокерлер қатарына ендік, ал қазіргі уақытта бұл, біздің ресми өкілдіктеріміз бар 30-дан астам ел. Тікелей біздің қызметімізге келсек, біз өз клиенттерімізге Forex нарығындағы валюталық трейдинг қызметінің толық спектрін ұсынамыз: 107 валюта аспабы; америка акцияларына CFD 34 келісім-шарт; GOLD бойынша мәмілелер. Сонымен қатар, біз валюта нарығына тікелей шыға алатын ірі контрагенттермен жұмыс істейміз. Трейдерлерге ИнстаФорекспен жұмыс істеу ыңғайлы екенін растайтын біздің сауда шарттарымыз ерекше мақтанышымыз болып табылады.

- ИнстаФорекс компаниясының грузиндік бағытын дамыт туралы шешім қалай қабылданды?

- Шын мәнінде, Ресей сияқты үлкен ел болса да, өз өңірінің ішінде даму ақылға қонымд емес. Біз көптеген елдер мен өңірлерде өкілдіктер мен ресми серіктестік құру арқылы компаниямыздың шекарасын кеңейту үшін жан-жақты жұмыс істеудеміз. Қазіргі уақытта біз Грузиядағы біздің ресми серіктесіміз InstaGeorgia компаниясы арқылы грузия нарығына шығуға қатысты өте маңызды жұмыс атқарудамыз. Менің ойымша, грузия нарығының біздер үшін бірқатар артықшылықтары бары даусыз. Біріншіден, ол сирек бәсекелестік орта тұрғысынан тартымды, екіншіден, грузия аймағы -бұл тығыз байланыстың арқасында серіктестік қарым-қатынасты құру жеңіл болатын аймақ, үшіншіден, Грузия біз үшін, саяси көзқарастарға қарамастан, бизнес үшін тартымды ел және біз мұндай мүмкіндікті жібермейміз.


- Бізге сіздің серіктесіңіз - InstaGeorgia компаниясы туралы айтып беріңізші.

- InstaGeorgia компаниясы Грузиядағы біздің ресми серіктесіміз болып табылады. Қазірдің өзінде біздің ынтымақтастығымыздың тарихы бар. Олармен бірге біз түрлі серіктестік бағдарламалар аясында жұмыс істей бастадық. Сонымен қатар, біз InstaGeorgia біздің бірқатар акцияларымызға қосып, алда бізді бірлескен жетістіктер күтеді деп үміттенеміз.

InstaGeorgia компаниясының директоры Леван Симонишвили:

- Біздің компаниямыз ИнстаФорекс компаниясының Грузиядағы ресми серіктесі болды және біз солармен бірлесіп Грузияда онлайн – форекс трейдингті дамытуды бастаймыз. Бірінші кезеңде InstaGeorgia негізгі мақсаты Грузияда, ең алдымен түрлі экономикалық дағдарыстар мен катаклизмдерден қорғалған нарық болуы себепті, Форекс нарығын насихаттау болып табылады. ИнстаФорекс компаниясымен ынтымақтастық аясында біз әлеуетті трейдерлер үшін бірқатар тегін оқу семинарларын өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл семинарлар Форекстің жұмыс жүйесін және оның негізгі принциптерін білуге көмектеседі. Бізбен ынтымақтастыққа ниет білдіргендердің бәріне көмек көрсетіп, ең жоғары сападағы сервистерді ұсынамыз. Бүгінгі таңда, Грузияда біздің компаниямыз бірнеше жүздеген трейдерлерге қызмет көрсетеді, солардың көпшілігі Форекс нарығында сәтті сауда жасап, тұрақты пайда табуда. Жақын уақытта біз трейдерлерге арналған клубты ашуды жоспарлап отырмыз, онда әркім ақпарат алмасып, клубтың басқа мүшелерімен жинақталған тәжірибесімен және сауда стратегияларымен бөліседі.

"Pirveli" журналы, Желтоқсан 2009
Кері

Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.